Қазақстан жаңалықтары

Ұлттық тестілеу орталығында шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ нәтижелерін тану үшін қабылданып жатқан  шаралар жайлы айтылды

ҚР ҰӘҚ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Әбдірасыловтың айтуынша, ҰТО бүкіл әлемде тестілеу орталықтарын аккредиттеуді жүргізетін халықаралық агенттіктермен жұмыс істейді.

“Әрине, біз ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаттарымыздың, айталық, біздің өңірде, мүмкін шетелде де пайдаланылғанын қалаймыз. Бұл тестілеудің балдары, айталық, шетелдік жоғары оқу орындарына түсу кезінде пайдаланылуы үшін”, – деді Болатбек Әбдірасылов ОКҚ брифингінде.

Ол Ұлттық тестілеу орталығы тестілердің сапасын жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Ол үшін жоғары білікті әзірлеушілер, сарапшылар болуы керек. Өткен жылдан бастап Дүниежүзілік банктің жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында 350 тест әзірлеуші және Ұлттық тестілеу орталығының 40-қа жуық сарапшысы оқытылды.

Болатбек Әбдірасыловтың айтуынша, тесттер бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары сұрақтардың мазмұны бойынша апелляциялар саны азайып келеді.