Қазақстан жаңалықтары

Ірі су тасқынының салдарына байланысты Еуразиялық даму банкі ҚР бірқатар өңірлерінде табиғи апаттың салдарын жоюға қаржылай көмек жіберу туралы шешім қабылдады

“Қазақстанда қалыптасқан жағдайдың маңыздылығын түсіне отырып, біз су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде қолдау көрсетуге 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылық көмек жібердік”, — деді ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов.

Бұдан басқа, ЕАДБ имидждік іс-шараларды алып тастай отырып, 2024 жылы қысқартылған форматта жылдық жиналыс пен бизнес-форум өткізу туралы шешім қабылдады.