Қоғам

ҰОС ардагері Дмитрий Сергеев құттықтау қабылдады

Дмитрий Сергеев соғыс уақытын еске алып, көзіне жас алды. Қария қазір қаладағы қызының қолында тұрып жатыр. Кеше оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барып, қарияны Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Дмитрий Сергеев бұрынғы Полудинский, қазіргі М. Жұмабаев ауданындағы Николаевка ауылында дүниеге келген. Қызыл әскер қатарына 44-ші жылы 18 жасында шақыртылған. Жас жігіт құрдастарымен бірге Оңтүстік Сахалинге жіберіледі. Онда 5-ші байланыс торабында қызмет еткен. Қария қазір 96 жаста.

ДМИТРИЙ СЕРГЕЕВ, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Бізді жылытылатын көліктерге тиеп, алып кетті. Себебі, ол кезде қыстың қаһарлы айларының бірі – желтоқсан болды. Владивостокқа 20 күн бойы жол жүрдік. Барғаннан кейін сигналшылар телефонды иықтарына қойып, хабар беретін. Қазір ұялы телефон деген бар, ол кезде мұндай ештеңе болған жоқ.

Майдангер Ұлы Отан соғысынан кейін Жапон соғысына қатысқан. 7 жыл жырақта жүріп, үйіне оралған.

ДМИТРИЙ СЕРГЕЕВ, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Тут сопка, у них на сопке все и было. Потом уже наши катера, “Носороги” подавили эти точки. Японцы хотели стрелять. А тут в порту вещи, японцы. Они не стали, чтобы своих не перебить.

Майдангер соғыс біткен соң елге оралып, слесарь мамандығына оқиды. Кейін Петропавлдағы машина жасау зауытына жұмысқа орналасады. Ардагер екі баласынан үш немере сүйіп отыр. Дмитрий Петровичтің кеудесінде 20-дан астам орден-медаль бар. Ардагер II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

 

Мәдина Қаби