Қоғам

Облыс әкімі ҰОС ардагері Федор Щегловты мерекемен құттықтады

Мереке қарсанында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов соғыс ардагері Федор Щегловті құттықтады. Ұлы Отан соғысының ардагері өткен соғыс жылдарындағы оқиғаларды жүрегі елжіреп еске алады. 9 Мамыр – Жеңіс жариялаған кездегі сезімі туралы келген қонақтармен ашық бөлісті. Федор Щеглов өзінің жауынгерлік жолын 17 жасында бастаған. 1944-ші жылы ол Кеңес Армиясының қатарына Булаев аудандық әскери комитетімен шақырылған. “Әлі жас, соғыстың қандай екенін білмейтінбіз”,- деп бөліседі майдангер.

ФЕДОР ЩЕГЛОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– 1944 жылы Кеңес әскерлеріне шақыртылдым. Бізді 3 ай бойы Уфа қаласының маңында орналасқан Алкино-2 станциясының мамандағы лагерьде дайындап оқытты. Содан соң бізді эшелонмен Кенигсберг қаласына жіберді. Мен ол жерде 371-ші дизизияның қатардағы жауынгері болдым. Біз ол жерде 1 ай бойы соғысып Пилау портына дейін жетті.

9 Мамыр – Жеңіс күніне орай облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамедов соғыс ардагерін арнайы құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаетың сәлемдемесін жеткізді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бүгін сізді арнайы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнімен құттықтауға арнайы келдік. Сізге қажымас қайрат, зор денсаулық тілейміз. Сіз маған Жеңіс күнін бірге қарсы алуға уәде еткенсіз. Міне, уәдеңізде тұрдыңыз. Енді келесі жылы Жеңіс күнінің 80 жылдық мерейтойын бірге қарсы алуға уәде етіңіз. Сізбен бірге 80 жылдықты қарсы алайық. Сізге арнайы сыйлықтарымызбен, Мемлекет басшысының сәлемдемесін алып келдік. Мерекеңіз құтты болсын.

Ұлы Отан соғысы – еліміздің тарихындағы ең қайғылы кезеңдердің бірі, соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Қазақстандық жауынгерлер барлық майданда ерлікпен шайқасып, асқан ерлік пен батырлық көрсетті. СҚО-да қазіргі күні 4 соғыс ардагері қалды. Осы кісілерге құрмет көрсету – өскелең ұрпақтың парызы.

 

“Первый Северный” телеарнасы