Экология

Мектеп бітірушілер ағаш отырғызды

Бүгін мектеп оқушылары ағаш отырғызды. “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған республикалық экочелленджге барлығы – 4 мыңға жуық ұл-қыз қатысты. Шараға 9 бен 11-ші сынып оқушылары белсенді атсалысты.
Нәтижесінде 3800-ге жуық көшет егілді. Аталмыш челлендж мектеп оқушылары үшін болашақта дәстүрге айналмақ.