Қоғам

Православ христиандары Пасха мерекесін атап өтеді

Ертең православ христиандары Пасха мерекесін атап өтеді. Мейрам 48 күнге созылған ең ұзақ христиандық оразаның аяқталуын білдіреді. Бұл күндері адамдар жаны мен тәнін тазарту үшін кейбір тағам түрлерінен бас тартады. Мереке көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі ай толған соң бірінші жексенбіге сәйкес келеді. Дәстүр бойынша сенбі күні кешке христиан қауымы шіркеуге барып, Пасха бәліштері мен жұмыртқаларды қасиетті сумен аластайды.

 

Гүлден Сембаева