Қоғам

“Жезқазған-Петропавл” бағытындағы жолда жөндеу жұмысы жүріп жатыр

Тасқын су жер үйлерге ғана емес, жолдарға да залалын тигізді. Республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» тасжолын да биыл су басып, 250 метрге жуық бөлігін мүжіп тастады. Жуырда жолшы мамандар су шайған аралықты қалыпқа келтіру жұмысын бастап кетті. Іске 7 техника жұмылдырылған. Жолды қалыпқа келтіру жұмысы келесі аптаның соңына қарай аяқталып қалуы тиіс.

 

Мәдина Қаби