Қазақстан жаңалықтары

Өңірлердегі азық-түлік қорларының сақталу мәселелері вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте талқыланды

“Алдын ала есептеулер бойынша, өңірлерде 130 сауда нысаны зардап шекті. Павлодар облысының бір кәсіпкеріне келтірілген залал өтелді. Қалғандары бойынша залалдың мөлшерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Петропавлға Көкшетау, Астана, Қарағанды және Омбыдан ауыз су жеткізу ұйымдастырылды. Тәулік бойы ауыз су құю туралы “Көкшетауминводтармен” уағдаластыққа қол жеткізілді. Петропавлдың барлық дүкендері мен қоймалары сумен қамтылған”, – деді Айжан Бижанова.

Вице-премьер Серік Жұманғариннің тапсырмасы бойынша сауда комитеті БҚО мен СҚО-дағы көкөніс сақтау қоймаларына су басу және АМӨЗ қорларын жоғалту тәуекелдеріне мониторинг жүргізді.