Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда тұрмыстық  қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға және жаңғыртуға шамамен 200 млрд теңге бөлінеді

Экология  және табиғи ресурстар Вице-министрі Жомарт Әлиев 94 жобаның пулы іріктелгенін, оның 37 – сі-жаңа зауыттар екенін атап өтті.

“ҚТҚ өңдеу мәселесі еліміздің барлық өңірінде өткір тұр. Қазір біз бұл жобалар пулын жергілікті атқарушы органдармен келісеміз, өйткені олар қанша қалдық шығаратынын біледі. Кейбір өңірлерде бір-бірден 2-3 зауыт қажет”, – деді Жомарт Әлиев Қазақстанда қайталама шикізатты қайта өңдеу жөніндегі конференцияда.

Ол жаңа зауыттар макулатураны, әйнекті, пластикті, металдарды, электр құрылғыларын және т.б. қайта өңдейтінін айтты.