Kurultai banner mobile

Қоғам

ХҚКО мамандары тасқыннан зардап шеккен жандарға көмек көрсетуде

Айтып келмейтін апат кезінде халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің де міндеті көбейді. Олар облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс істеп, тасқыннан зардап шеккен жандардың құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде. Айта кету керек, жылжымайтын мүліктің құжаттарын қалпына келтіру үшін тікелей халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу керек. Ал өзге де сұрақтар бойынша нотариусқа жүгінген жөн. Осы күнге дейін аймақта мыңдаған тұрғынға қызмет көрсетіліпті. Мамандар өз жұмыс орындарында ғана жұртшылықты қабылдап қоймай, кезек тәртібімен эвакопункттерге барып та өтініш қабылдайды.