Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге арналған чат-топ ашылды

Табиғи апат ісін дөңгелетіп, талай шаруаның басын қайырған біраз кәсіпкердің жұмысын тоқырауға ұшыратып отыр. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы Whatsapp чаты арқылы топ ашып, қарғын судан орасан шығынға ұшыраған теріскейліктерді бір жерге жинауда. Топ су тасқыны кезінде ақпараттық жұмыс жүргізу үшін құрылған және зардап шеккен бизнес үшін қажетті ақпараттық-консультациялық көмек пен жедел кері байланыс жасауға бағытталған. Топқа қосылған кәсіп иелері тың деректер мен әрі қарай жұмысын оңалту үшін қандай құжаттар керек екендігінен құлағдар болып отырады.

 

Ақжүніс Мұқатай