Аптадағы маңызды жаңалықтар

Президент өңірдегі құтқарушы, ерікті және кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы өңірімізге жасаған сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жатқан құтқарушылармен, еріктілер мен кәсіпкерлермен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындарының жоғары деңгейде ұйымшылдық танытқанын атап өтіп, алғысын білдірді. Осы орайда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Елена Семидоцких Президентке облыстағы әр ауданда гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ашылғаны жөнінде мәлімет берді.

ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары:

– Президенттің алдында жыл 12 ай тынбай еңбек ететін ерікті жастар да сөз алды. Соның бірі Дидар Аймұқан Мемлекет басшысына өңірдегі белсенділердің жұмысы туралы баяндады.

ДИДАР АЙМҰҚАН, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 3-курс студенті:

– Сонымен қатар, облыстық төтенше жағдайлар департаменті құтқару бөлімшесінің басшысы Еділ Зикрин табиғи апат кезінде бірлік пен ынтымақтың арқасында адам шығынына жол берілмегенін жеткізді.

ЕДІЛ ЗИКРИН, СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің бастығы:

– Мемлекет басшысымен кездесу барысында өңірдегі іргелі кәсіпорындарың басшылары да сөз алып, су тасқыны кезінде жасап жатқан игі істері жайлы баян етті.

 

Ақжүніс Мұқатай