Білім

СҚО-да 33 мыңнан астам оқушы онлайн білім алып жатыр

Елді әбігерге салған су тасқыны біраз істің аяғына тұсау салып отыр. Білім саласындағы жағдай да құбылды. Бүгінде теріскейде 53 мектептегі 33 мыңнан астам оқушы қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылған. Оған “Озерная орта мектебі”, “Парасат” мектеп-лицейі, Бәйтерек пен Якорь және Соколовка орта мектебі және тағы басқалары кіреді. Жалпы, қалада барлығы – 36 және облыстық 4 білім ұясы онлайн оқыту жүйесіне көшкен.

 

Ақжүніс Мұқатай