Қазақстан жаңалықтары

Білім министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда қазақстандық мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру 100%

Кітаптар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Сандық оқулықтар елдің 13 баспасының 11 платформасында әзірленуде.

“Пәндерді оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің оларды пайдалануы үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер заманауи цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды, саралау мен дараландыруды пайдалана отырып сабақтар өткізеді, сондай-ақ онлайн — ресурстарды пайдалану бойынша білімдерін жақсартады”, – деп атап өтті

ҚР ПМ білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.