Қоғам

СҚО-да 2 мыңға жуық оқушы онлайн форматта білім алып жатыр

Облыста ешбір білім ұясы тасқын судан зардап шеккен жоқ. Десе де жолдардың шайылуына байланысты 6 бірдей ауданның 8 мектебінде тасымалдау жұмысы тоқтады. Ондағы сабақтар аралас форматта өтіп жатыр. 78 оқушы үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды. Ал жалпы, өңірде су тасқынына байланысты 1800-ден астам оқушысы бар 9 мектеп онлайн оқыту жүйесіне көшкен. Оның 2-еуі ауданда, 7-еуі Петропавлда орналасқан.

 

Ақжүніс Мұқатай