Қоғам

Дауылды ескерту

Қазгидромет мамандарының хабарлауынша осы күндері Есіл өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты өңірде ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Таңғы 8-де келіп түскен ақпарат бойынша Есіл өзені бір тәулікте 224 см-ге жоғарылап, 894 см-ді құрап отыр. Шекті деңгейі – 980 см. Болжамға сүйенсек, түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз желдің екпіні секундына 15/20 метрге дейін жетуі мүмкін. Жауын жауады.

 

Ақжүніс Мұқатай