Қазақстан жаңалықтары

8 сәуірде ел өңірлерінде Жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен “Таза Қазақстан”республикалық экологиялық акциясы басталды

Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.

13 сәуірге дейін созылатын бірінші апта “Таза өлке” деп аталады – апта ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазалайды. 20 сәуірге дейінгі апта “Киелі мекен” атауын алып, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады. 27 сәуірге дейін” Жасыл аймақ ” тақырыбымен апта ағаш көшеттерін отырғызумен, екпелерді ақтаумен атап өтіледі. 4 мамырға дейінгі кезең “Өнегелі ұрпақ” деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналған. Соңғы, бесінші аптада” Мөлдір бұлақ ” деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.