Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр әкімдікте жиын өткізді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс және жол-құрылыс компаниялары өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында Роман Скляр қазіргі таңда тасқынға қарсы шұғыл түрде бірлесе әрекет етіп, қолда бар барлық күш пен арнайы техниканы жұмылдыру қажет екенін мәлімдеді. Теріскейлік іскер жандар көмек қолын созуға әзір. Олар техникадан бөлек, қажет болған жағдайда резервтегі жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге ниет білдіріп отыр. Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер бүгінде баяу және ретсіз жұмыс істеуге болмайтынын, барлық міндетті орындауға небәрі үш күн ғана барын баса айтты.

 

Байболат Құлтанов