Қоғам

Тың және тыңайған жерлерді игерудің 70 жылдығына арналған көрме

Бірі білсе, бірі білмес. Геннадий Языков – алғашқы тың игерушілердің бірі. Ол бүгін облыстық архивте жастармен сырласып, естеліктерімен бөлісті.

ГЕННАДИЙ ЯЗЫКОВ, еңбек ардагері:

– Әскерден келген кезде хатшыдан ауылға көмек қажеттігі туралы хабарлама келді. Біз – 6 адамнан құралған топ болып комбайншылыққа оқытатын орталыққа оқуға түстік. Мен жер-жерде 25 орақ науқанына қатыстым. Бірінші жылы 6 мың центнер бидай бастырдым. Алғашқы жылдары «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталдым.

Биыл тың және тыңайған жерлерді игеру науқанына 70 жыл толып отыр. Облыстық архивте бұл тарихи кезеңге қатысты дерек көп. Оның ішінде 50-ші жылдары жарық көрген газеттер, грамоталар, кітаптар қаншама? Тарихқа үңілер болсақ, 1954-60-шы жылдары Қазақстанға 2 млн астам жұмысшы жіберілген екен. Оның жартысы жастар болған. Елімізде 25 млн гектар жер игерілген, оның 1-млн-ы біздің өңірге тиесілі.

ЗӘМЗӘГҮЛ ЗАКИРИНА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің маманы:

– 50-ші жылдары астық тапшылығы туындады. Әсіресе, бидай жетіспей жатты. Үкімет дағдарыстан шығудың жолы – тың игеру деп шешім қабылдады. Игерілуі қажет аумаққа Сібір, Орал, Еділ бойы және Солтүстік Қазақстан өңірі кірді.

Тың игеру жылдары Қазақстан даласына қарай ағылған адамдардың ағымы көп болды. Соның 3 мыңға жуығы солтүстік өңірге келген.

 

Мәдина Қаби