Kurultai banner mobile

Қазақстан жаңалықтары

Су тасқыны салдарын жоюға “Қазақстан халқына” қоры қосылды, ол су тасқынынан зардап шеккен ауылдарда жалпы сомасы бес миллиард теңгеге 200 үйдің құрылысын қаржыландырады

Қордың хабарлауынша, бей-жай қарамайтын қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қайырымдылық көмек көрсете ала ма деген сұрақтармен жүгінеді. Осыған байланысты” Қазақстан халқына ” ерікті түрде қаражат жинауға дайын екендігін білдірді.

“2024 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша Қордың шоттарына компаниялар мен жеке тұлғалардан 630 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық жарналары түсті”, – делінген қор хабарламасында.

Ниет білдірушілер ақшаны тікелей қордың шоттарына немесе “қайырымдылық”бөліміндегі Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы аудара алады.