Қазақстан жаңалықтары

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР аумағында қызметін жүзеге асыратын дәрілік заттарды өндірушілер туралы айтылды

“Бүгінгі таңда Қазақстанда 193 фармацевтикалық өндіруші жұмыс істейді, оның 43-і дәрілік заттарды өндіруге маманданған, 150-і медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілер. Өндірілетін өнім саны-1015 дәрілік зат және 1882 медициналық бұйым”, – деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар, ведомствода 2023 жылдың 2 қазанында AstraZeneca компаниясының түпнұсқа дәрілік заттарды келісімшарттық өндіру жобасын іске асыру бойынша Жол картасына қол қойылғанын еске салды.