ТЖ

Соңғы тәулік ішінде су шайған жол учаскелерінің саны 15-ке жетті

Тың дерек жария етілді! Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті. Өткен тәулік ішінде өңірдегі көшелер мен үй маңдарынан 34 мың текше метрден астам су сорылды, 4 шақырымға жуық арық тазаланды, 3580 құм салынған қап дайындалды. Таңертеңгі 9-дағы жағдай бойынша 15 жол учаскесін су шаю жайты тіркелді. Бүгінде теріскейліктерге жергілікті және облыстың 5 ауданына бөлінген түркістандық құтқарушылар көмек көрсетіп жатыр.

 

Байболат Құлтанов