ТЖ

Су тасқынына қатысты ахуал

Өңірде су тасқынына қарсы жұмыс белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, мына бейнежазба Тимирязев ауданынан жолданды. Мұнда экскаватордың көмегімен еріген қар суының ары қарай өтіп кетуі үшін арық қазылып жатыр. Сондай-ақ, Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарында қарғын сумен күреске 12 техника мен 7 жедел әрекет ету тобы жұмылдырылған. Облыс бойынша барлығы – 175 мың текше метр су сорылып алынды. Қалада 12 үйді су басады деген қауіп сақталып отыр. Қазіргі таңда аталған үй маңындағы жағдай – төтеншеліктердің бақылауында. Өңірде 2400-ден астам су өткізгіш құбыр мен 252 шақырым арық тазаланған. Құмға толы 35 мыңға жуық қап әзірленді. Облыста 3 ауданда жолды су басу жағдайы тіркелді. Тасқын сумен күрес жалғасуда.

 

Гүлден Сембаева