Спорт

Петропавлда күрестің үш түрінен ел чемпионаты бастау алды

Алғашқы болып 17-20 жастағы бозкілем шеберлері шықты. Қарсыластың біреуі – алматылық, екіншісі – түркістандық. Екеуі де мықты, бір-біріне сыр алдырар емес. Біраз күресіп, соңында түркістандық спортшы жеңіске жетті. Дәулет Қуанышбектің күреспен айналысып келе жатқанына 11 жыл болған. Түркістандық жігіт жарысқа зор дайындықпен келіпті.

ДӘУЛЕТ ҚУАНЫШБЕК, жарысқа қатысушы, Түркістан облысы:

– 3-ші орын алдым 52 салмақ дәрежесінде. Жаттықтырушыларыма көптен-көп рахмет. Жақсы болды. Не дегенмен дайындық керек.

Ел чемпионаты грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтіп жатыр. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ға жуық білекті палуан келіп отыр. Турнирге 13 пен 15 және 17 мен 20 жастағы спортшылар қатысуда.

БЕРІК ШАЛАБАЕВ, бас төреші:

– U-20-ТА 10 салмақ дәрежесі бар. U-15-10 салмақ дәрежесі бойынша споршы қатысуда. Жастар арасындағы спортшылардың деңгейлерін айтатын болсақ, Бұл жерде былтыр Азия жүлдегерлері, әлемдікке қатысқан палуандар күресіп жатыр. Бұл іріктеу болып есептеледі.

Жарыста жеңіске жеткендер ел құрамасына қабылданып, биыл Испанияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

 

Мәдина Қаби