Қоғам

«ҚазАвтоЖолдың» тасқынға дайындығы

Облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 мың шақырымды құрайды. 30-ға жуық көпір мен эстакада, 600-ден астам су өткізгіш құбыр бар. Су тасқынымен күреске «ҚАЖсервис» серіктестігінің 120-ға жуық техникасы мен 250-ге тарта адам тартылады. Сонымен қатар, 58 мың құм толы қап әзірленген. 3 сорғыш бар. Қазіргі уақытта су басу қаупі төнген аумақтарға инертті материал тасу жұмыстары жүргізіліп жатыр.