Қоғам

Ұлттықұландықтар су тасқынына қарсы бөгет салуға көмектесуде

Бүгін Ұлттық ұлан сарбаздары қызыл судың алдын алу мақсатында Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное ауылына аттанды. 100-ге жуық әскери бөгет салу үшін қажетті құм салынған қапшықтарды даярлауда.

МАДИЯР АМАНБЕКОВ, ҚР ҰҰ әскери академиясының сержанты:

– Жедел мақсатта табиғи және техногенді іс-әрекеттерге байланысты ту тасқыны болғандықтан ауыл тұрғындарына көмектесуге келіп тұрмыз. Академия бастығының айқындаған бұйрықтарына байланысты осындай көмек көрсетудеміз. Бұл Ұлттық ұлан сарбаздарының міндеттерінің бірі болып табылады.

Қолдарына күрек пен қап ұстаған сарбаздар Прибрежное ауылының тұрғындарын өзеннің көтерілуінен болатын тасқыннан құтқармақ. Бұдан бөлек төтенше жайттың алдын алу үшін қар тазалау мен ауыл ішінде жыра қазу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, бұл ауылда 500-ге жуық үй түтін түтетіп отыр.

ДӘУРЕН РАМАЗАНОВ, Прибрежное ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:

– Қазір қаптар толтырып жатырмыз. Су келетін болса сол жерге орналастырып, бекіту үшін. Ұлттық ұланның сарбаздарына көмектесіп жатқандары үшін көптен-көп рахмет. Су тасқынына дайындалып жатырмыз. Прибрежное ауылында 1800-ге жуық халық бар.

Ұлттықұландықтар бұған дейін Солнечный, Жұмысшы және Заречный кенттеріне де барып, көмек көрсетіп келді.

 

Ақжүніс Мұқатай