ТЖ

Тайынша ауданында жол учаскесін су басты

Таңертең Петропавлдағы 12 үйге су кіргені жайлы хабар алған тілшілер түстен кейін тың деректен құлағдар болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иванниковтың сөзінше, соңғы тәулік ішінде өңірдегі 3 жолды тасқын басқан. Бүгінде 2 жердегі ахуал саябырсыпты. Тек республикалық маңызы бар трассаның Тайынша ауданындағы бөлігінде әлі су тұрған көрінеді. Жағдаймен танысу үшін аудан әкімі мен ауданның бас құтқарушысы Аққұдық ауылының маңына жол тартқан. Қоса кетейік, бүгінде аймақтың қауіпті учаскелеріне мамандарды жіберу жұмысы жалғасып жатыр.

КИРИЛЛ ИВАННИКОВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

– Бүгін Петропавлдан Уәлиханов ауданына мамандар аттанды. Олар жергілікті қызметкерлерге көмектесетін болады. Біз өңірдегі ахуалды тәулік бойы бақылауда ұстаймыз. Әр жерде кезекшілік атқаратын топтарымыз бар. Айта кету қажет, қазір облыста 280 астам техника апаттың алдын алу жұмысымен айналысып жатыр.

 

Байболат Құлтанов