Қоғам

Петропавлда комплаенстық қызмет бойынша семинар өтті

Петропавлда алғаш рет комплаенстық қызмет туралы оқыту семинары өтті. Комплаенс деген – белгілі бір мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізетін қызмет. Осы мақсатта бағыт-бағдар беріп, бақылау жүргізетін маманды комплаенс офицері деп атайды екен. Бүгін бір топ қызметкер облыстық кітапханада бас қосты. Оларға елордалық мамандар қашықтықтан дәріс оқыды.

ӘЙГЕРІМ ҚАНАПИНОВА, облыстық көпбейінді аурухананың өкілі:

– Менің жұмысыма ішкі процестік нормативтік актілерді, ережелерді сақтау кіреді. Мен жақтан қандай жұмыстар жүргізіледі? Ішкі процестік құжаттарды қараймын. Процестік құжаттарды зерттеймін. Әрбір мекемеден шығарылған құқықтық, локальдік актілерді қарап шығамын. Сонымен қатар, шаруашылық қызметке де қарап отыру қажет.

 

Мәдина Қаби