Білім

Мемлекеттік тілді дамыту

“Аманат” партиясының облыстық филиалы жанындағы “Miras” кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында мемлекеттік тілді дамыту және Есіл, Тимирязев аудандарында осы жөнінде атқарылған шаралар жайында сөз қозғалды. Кеңес отырысына оның мүшелері мен тіл жанашырлары қатысты.
Осы ретте қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Руслан Сенкебаев жұмыс барысымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

РУСЛАН СЕНКЕБАЕВ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

– Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқыту бойынша 2023 жылы қала әкімдігі бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілері арасында 2 топ құрылып, жалпы саны – 25 адам оқытылды. Алдағы жылы 3 топ ашу жоспарлануда.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік тілді дамыту бойынша өз ойларын жеткізді. Жоспар ауқымды. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жөніндегі мәселе әр мекемеде қалай шешіліп жатыр? Қазпоштаның жергілікті филиалының басшысы Сымбат Құдайбергенов байқауларға басымдық бергелі отырмыз дейді. Осы ретте санына ғана емес, сапасына да мән беру қажет.

СЫМБАТ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, “Қазпошта” АҚ СҚОФ директоры:

– Мемлекеттік тілдің беделін арттыру, қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін жетілдіру, іс-шаралар ұйымдастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта мемлекеттік тілді оқыту орталықтарымен бірлесіп тегін конкурстар ұйымдастырмақпыз.

Жиын соңында мемлекеттік тілді дамыту бойынша биылға жұмыс жоспары бекітілді.