Ауыл шаруашылығы

Мал дәрігерлеріне арналған оқыту семинары

Өңірге шетелден көптеп мал әкелінеді. Сырттан келген асыл тұқымды жануарларды күтіп-баптау оңай шаруа емес. Мамандар бірқатар дүниеден хабардар болуы керек. Бүгін осы мақсатта Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында мал дәрігерлеріне бас қаладан келген мамандар аталған тақырыпта семинар өткізді.

ЖАНАТ ӘМІРЖАНОВ, СҚО ветеринария басқармасының басшысы:

– Өздеріңіз білетіндей, қазір елімізге шетелден көп мал әкелініп жатыр. Олардың аурулары да, оның алдын алу шаралары да өзгеше. Сол жөнінде айту үшін Астанадан профессорлар шақырып отырмыз.

Семинарға өңірдің түкпір-түкпірінен 30-ға жуық мал дәрігері келіп отыр. Оларға теориялық дәріс берушілердің бірі – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті “Ветеринариялық медицина” факультетінің профессоры Алтай Үсенбаев.

АЛТАЙ ҮСЕНБАЕВ, ветеринария ғылымдарының кандидаты:

– Осы өңірде мал шаруашылығы, оның ішінде сауынды технологиялар жақсы дамып жатыр. 38-ге жуық ферма салу жоспарланып отыр. Олардың мұң-мұқтажын білуіміз керек қой. Тығыз байланыс орнатқан жөн.

Жалпы, оқыту семинары қос күнге созылады. Бүгін қатысушылар теориямен құлақтанса, ертең шаруа қожалықтарына барып, практикалық негізде жұмыс істейді.

 

Ақжүніс Мұқатай