Қоғам

Қазақстандық 1414 бірыңғай байланыс орталығы халықаралық деңгейде мойындалды

Азаматтарға арналған үкіметтің бірыңғай байланыс орталығы Мәскеуде өткен CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура халықаралық байқауында үздік деп танылды. Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдерінен жалпы саны – 150-ден астам байланыс орталығы сынға түскен. Қазақстандық орталықтың жұмысына тоқталып өтсек, қызмет мамандары азаматтарға аудио-бейне байланыс, онлайн чат пен электрондық пошта арқылы 1300-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тұруды да ұсынатын робот жұмыс істейді. Қоса кететін жайт, 1414 қызметіне ел бойынша биыл 7,2 миллионнан астам қоңырау келіп түскен.

 

Мәдина Қаби