Білім

Мұғалімдер арасында облыстық байқау өтті

Жүзден жүйрік. Осындай атаумен қалада мұғалімдер арасында облыстық байқау өтті. Оған тіл мамандары қатысты. Өңірде дәстүрлі шара 23-ші рет ұйымдастырылып жатыр. Додаға қатысушылардың бірі – Қызылжар ауданы №3 Бескөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айымгүл Тасимова.

АЙЫМГҮЛ ТАСИМОВА, №3 Бескөл орта мектебінің мұғалімі:

– Бүгінгі менің мәселем – оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру. Ол тек қана өз пәнімде емес, өзге пәндерде қолданылады.

Байқауға 160-тан астам педагог қатысуға ниет білдірген. Оның тек 50-ге жуығы екінші кезеңге өткен. Мұнда тек мұғалімдер сайысып қана қоймай, бір-бірімен тәжірибе алмасып, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген уақыттың ішінде мұғалімдер өз жұмыстарын таныстырып шығулары қажет. Жалпы, доданың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

ГҮЛЗАТ ӘЛЖАНОВА, “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы:

– Бірінші кезеңде педагогтердің пәндік біліктіліктерін анықтау мақсатында тест тапсырмасы болды. Ол онлайн режимде өтті. Екінші кезеңге қазақ тілі пәні бойынша 15 педагог, орыс тілі – 15, ал ағылшын пәні бойынша 16 мұғалім өтті. 2:30/ Жалпы, нәтижесі бойынша гран-при табыс етіледі және дипломдармен марапатталады. 

Байқау филолог Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығына арналды. Атақты ғалым 10-нан астам тілді меңгерген екен.

 

Гүлден Сембаева