Қоғам

Мемлекеттік қызметші құқығының қорғалуы

Өңірде мемлекеттік қызметшінің құқығы қалай қорғалып жатыр?
Бұл мәселе – бейінді департаменттің жіті бақылауында. Мамандарының айтуынша биыл 10-ға жуық мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалған.

ДАРХАН ЕРМЕКОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

– Мемлекеттік қызметшілер «E-otinish» ақпараттық жүйесінің жазбаша өтініші және департаменттің жұмыс телефонына ауызша хабарлама арқылы бұзылған құқықтары туралы мәлімдейді. Растайтын дәлелдер анықталған жағдайда департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы жоспардан тыс тексерулер жүргізеді, оның барысында тәртіптік жауаптылыққа тарту рәсімі толық тексеріледі.

 

Мәдина Қаби