Мәдениет

Теріскейлік 12 әйел киіз басу шеберлік сағатына қатысты

Мерекелік демалыс күндері «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы аясында облыстық Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған киіз басу бойынша екі күндік шеберлік сабағы өтті. Ұлттық қолөнерді дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға 12 теріскейлік әйел қатысты. Қыз-келіншектер дымқыл киізді басу дағдылары мен әдістерін меңгеріп, ою-өрнектерді кесіп-пішті. Қазіргі таңда әдіс-тәсілі ғасырлар бойы бір өзгермейтін өнер түрі танымалдылыққа ие болуда. Айта кетейік, шеберлік сағатына қатысушы әйелдердің қолынан шыққан бұйымдарды облыстық тарихи-өлкетану музейінде бүгін қанатын жаятын көрмеден көруге болады.

 

Ақжүніс Мұқатай