Құқық қорғау органдары

Облыста демалыс күндері отбасылық жанжал көп болған – полицейлер

Өңірде мерекелік демалыс күндері полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Наурыздың 21-мен 25-і аралығында 102 жедел арнасына 1700-ге жуық хабарлама келіп түскен. 500-ден астам жағдай тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуін қажет еткен. Өтініштердің дені – отбасылық жанжал. Бейнекамералардың көмегімен 170-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталыпты. Түнгі уақытта тұрғындардың тынышын алу жайттары да аз болмады. Жалдамалы пәтерлерде шулы кештер ұйымдастырғаны үшін 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Ақжүніс Мұқатай