ТЖ

Ғ.Мүсірепов ауданына құтқарушылар тобы жіберілді

Ғ.Мүсірепов ауданына облыстық ТЖД жиынтық жасағының күштері жолданды. Оның құрамында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен жедел-құтқару жасағының мамандары бар. Барлығы – 13 адам. Қызметкерлер өтімділігі жоғары арнайы автокөлікпен және моторлы қайықпен жабдықталған. Ауданға арнайы топ жіберудегі мақсат – эвакуация шараларын ұйымдастыру, мұз кесу жұмысын жүргізу және су тасқынына қатысты жағдайды мониторингілеу.