Қоғам

3 адам өлімі тіркелген өртке қатысты сот отырысы басталды

Петропавлда Волочаевский көшесіндегі үйлердің бірінде болған өртке байланысты сот отырысы өтті. Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде 25 жастағы жігіт әйелі мен 2 баланы өртеп жіберуі мүмкін деген күдікке ілініп, қамауға алынған болатын. Тілсіз жаудан 21 жастағы келіншек пен 1 жастағы және 4 жастағы балалар қаза тапты. Балалардың үлкені айыпталушының туған інісі екен. Соттың сөзінше Александр Канищев бұған дейін де құқық бұзып, әкімшілікке жауапкешілікке тартылған. Отырысқа айыпталушының жақындары мен анасы келді. Келесі отырыс сәуірдің 12-сінде өтеді.

СӘУЛЕ ЛИТФУЛЛИНА, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– Канищев Александр Евгеньевич предан суду в совершении уголовного правонарушения в ст.191 ч.1, ст.293 ч.2 п.2, ст.107 ч.2 п.5, ст.99 ч.2 п.1,3,5, ст.99 ч.3. УК РК установил, в ходе предварительного слушания подсудимый Канищев заявил ходатайство о рассмотрении его уголовного дела судом с участием присяжных заседателей.

 

Гүлден Сембаева