Мәдениет

Облыстық көпбейінді ауруханада Наурыз мерекесі аталып өтті

Облыстық көпбейінді ауруханада Наурыз мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Күнде ақ халат киіп жүретін абзал жандар бүгін қазақтың ұлттық киімін киіп, құлпыра түскен. Әр бөлімшенің мамандары ұлттық тағам түрлерін әзірлеп, берекелі дастархан жайған.

НАЗГҮЛ МОКУШЕВА, облыстық көпбейінді аурухананың қызметкері:

– Біз бүгін қазақтың ұлттық тағамы – бесбармақ дайындадық. Одан бөлек бүйрек, Наурыз көже де дайындадық. Барлық қауымды келіп жеткен Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ақ мол болсын!

 

Мәдина Қаби