Балалар

Ұлыстың ұлы күні “Дарын” мектеп-лицейінде тойланды

Қазір Наурыз мейрамы білім ұяларында да тойлануда. Мерекелік шараның бірі қаламыздағы “Дарын” мектеп-лицейінде өтті. Бұған
оқушылар 1 апта бойы дайындалыпты.

САМАЛ ТӨЛЕБАЕВА, “Дарын” мектеп-лицейі директорының орынбасары:

– Қазақстан халқын “Дарын” мектеп-лицейі атынан шын жүректен құттықтаймыз. Мектебімізде әр сынып ауыл-ауыл болып, Наурыз мерекесін тойлап жатыр. Біз бұл мерекеге арнап түрлі шығармашылық жарыстар ұйымдастырдық.

Ұлттық киім киген жастар малдас құрып отыр. Қолдарында түрлі тағам салынған ыдыстар бар. Мерекелік шара барысында қатысушыларға қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді.

Аластау, бесікке бөлеу, тұсау кесу. Бұлардың барлығы “Дарын” мектеп-лицейінде көрсетілді. Әдет-ғұрыптан жастар жағы хабардар. Олардың бірі бата берді.

Мерекелік шараға тиянақты дайындалған оқушылар көпшілікті мейраммен де құттықтады.
Наурызға орай даладай дастархан жайылған. Шара соңында ұл-қыздар тағамдардан дәм татты.