Құқық қорғау органдары

Үш күн ішінде 16 мас жүргізуші ұсталды

Полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. 3 күн бойы өткен науқан барысында тәртіп сақшылары есепте тұрған 2 мыңнан астам адамды тексерді. Қоғамдық жерде мас күйде жүрген 200-ден астам теріскейлік жауапқа тартылса, жасөспірімдердің түнде жүруінің 81 фактісі анықталған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 45 оқиғасы тіркелді. 3 күн ішінде облыс жолдарында 16 мас жүргізуші ұсталды. Оның біреуі есірткі шегіп алған.

 

Ақжүніс Мұқатай