Білім

Петропавлдағы №5 орта мектепте этнопедагогика орталығы ашылды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Петропавлдағы №5 орта мектепте этнопедагогика орталығы ашылды. Бұл бастама облыстық Кәсіпкерлер палатасына қарасты Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен жүзеге асты. Қайта қалыпқа келтірілген кабинетте қазақ тілі пәні оқытылады, домбыра үйірмесі жұмыс істейді және ата-бабамыздан келе жатқан ойындар ойнатылмақ. Ол үшін интерактивті панель, киіз үй, ұлттық киімдер мен жаңа жиһаздар алыныпты.

 

Байболат Құлтанов