Қоғам

Әскерге шақыру науқаны

Өңірімізде әскерге шақыру науқаны басталды. Отан алдындағы борышын өтеу – әр ер азаматтың парызы болып саналады. 1-ші наурыздан көктемдік шақыртуға өңірден 500-ге жуық жас алу көзделіп отыр. Дияр Кәрімжан Тайынша ауданынан келіп отыр. Ол Отан алдындағы парызын әуе-десанттық әскер қатарында өтейді.

ДИЯР КӘРІМЖАН, әскерге шақырылушы:

– Отан алдындағы борышымды өтеуге өз еркіммен бара жатырмын. Мен әскери борышымды Қапшағайда өткіземін. Барлық шақырылушыларды өзінің азаматтық борышын өтеуге шақырамын.

Бүгінгі күні шақырылушылар медициналық тексерістен өтуде. Бұл да бір – міндетті процесс. Болашақ сарбаздардың дені сау болуы аса маңызды.

НИНА ШИШКЕВИЧ, дерматовенеролог:

– Әскерге шақырылушының денсаулығынан кінәрат табылған жағдайда оны толығымен емдейміз. Қазіргі таңда әскерге барам деушілердің саны көбейіп келеді. Бізде күніне 20-ға жуық адам тексерістен өтеді.

Қазіргі таңда әскери міндетін өтеушілерге көптеген жеңілдік жасалуда. Соның бірі -әскерге барып келген әр сарбаз жоғары оқу орнына тегін оқуға түсе алады.