Мәдениет

Поляк халқының ұлттық киімдері көрсетілді

Ұлттық киім күні аясындағы ерекше шара! Достық үйінде поляк халқының киімдері таныстырылды.

ВАЛЕНТИНА КОРНЕВА, «Коперник» поляк мәдени орталығы» ҚБ төрағасы:

– Бұл жерде ақ көйлек, қызыл түсті желет және тағы да басқалары бар. Міндетті түрде көйлектің алдында алжапқыш болуы қажет және желеттің алдыңғы жағы түрлі әшекей бұйымдармен безендіріледі. Ал басқа гүлдерден тізілген шаш жинағыш тағылады.

 

Мәдина Қаби