Құқық қорғау органдары

Полициядағы бір күн

Полициядағы бір күн. Тәртіп сақшылары осындай атаумен республикалық науқан аясында танымдық шара ұйымдастырды.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Бүгін барлық студентті өзіміздің ғимаратымызға шақырып отырмыз. Олар бүгін өздерін полиция қызметкерлері ретінде сезінетін болады және біз оларға өзіміздің барлық жұмыстарымызды көрсетеміз. Сонымен қатар, арнайы бөлімшелер кепілдікке алған адамдарды босатады. Олардың алдына қойған басқа да жұмыстарын көрсетіп, барлығын айтамыз.

Сонымен, 30-ға жуық студент бүгін бір күндерін полиция департаментінің құрылымдарында өткізеді. Мамандармен бірге шақыртуға шығады, қаладағы 5 мың камераның жұмысын қадағалайды. Одан да басқа жұмыс жетерлік.
Жергілікті жоғары оқу орнында “Химиялық сарапшы” мамандығына оқып жатқан Жұлдыз Уразбаеваға бәрі қызықты. Ол қазір 1-ші полиция бөлімшесінде тәжірибеден өтіп жүр. Келешекте полиция қызметкері атанып жатса, мына мамандығымен криминалистика бөлімінде жұмыс істей алады екен.

ЖҰЛДЫЗ УРАЗБАЕВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті:

– Бізде ағам полиция қызметінде жұмыс істейді. Өзі Қостандайда оқыған. Мен ағамның артынан ергім келеді. Өзіме де жалпы ұнайды. Жалпы, бүгінгі күн қызық болатын сияқты. Себебі, азаннан бастап кешке дейін барлық жоспар ұйымдастырылған. Барлығы қалай өтетіндігін бізге түсіндіріп берді.

Облыстық полиция департаментінде бұл шара бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

 

Мәдина Қаби