Спорт

Петропавлдық спортшы пауэрлифтингтен рекорд жаңартты

Жерлесіміз ерледі. Жуырда Шымкент қаласында классикалық пауэрлифтингтен республикалық чемпионат өткен болатын. 500-ге жуық спортшының басын қосқан дүбірлі додада теріскейлік Сергей Болдырь жеңімпаз атанды. Оған қоса тепсе темір үзер 3-ші рекордын орнатып қайтты. Аталмыш спорт түрін жанына серік еткеніне 10 жылға жуықтаған жанның бұған дейін жеткен жетістіктері де аз емес.

СЕРГЕЙ БОЛДЫРЬ, пауэрлифтинг спорты бойынша ел чемпионы:

– Мен Қазақстан Республикасының пауэрлифтинг спорты бойынша спорт шеберімін, облыстық жарыстардың бірнеше дүркін және республикалардың додалардың чемпионымын. Жалпы, бұл спорт түрін өңірімізде әлі де дамыту қажет. Басқа өңірлермен салыстырғанда жаттығу залдары мен бапкерлер аз. Біздің спортшылар фитнес залдарда шынығады.

 

Ақжүніс Мұқатай