Спорт

Мереке қарсаңында жүзуден турнир өтті

Кеше “Дельфин” су спорт түрлері олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жүзуден турнир өтті. Сайысқа балалар да, ересектер де қатысты. Барлығы – 100-ден астам спортшы 50 метр қашықтыққа брасс, butterfly және шалқалап жүзу техникалары бойынша жүзіп, күш сынасты.

МАКСИМ ЗАВГОРОДНИЙ, жарыстың бас төрешісі:

– Біздің өңірімізде жүзу спорты жақсы қарқынмен даму үстінде. Қос спортшымыз ересектер арасындағы Азия чемпионатына қатысып келді. Нәтижесінде екі 2-ші орын иеленді. Қазір 25 наурыз күні Алматыда өтетін чемпионатқа дайындалып жатырмыз. Жеңістен үміттіміз, барымызды саламыз.

 

Ақжүніс Мұқатай