БілімБалаларҚоғам

“Береке” шағын ауданындағы түзету мектебі тамыз айында қолданысқа тапсырылады

«Береке» шағын ауданында арнайы түзету мектеп-интернатының құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Нысанды осы жылдың тамыз айында қолданысқа беру жоспарланған. Петропавлдағы №2 арнайы мектеп-интернаты 111 адамға шақталған. Алайда, қазір білім ұясында 191 бала оқып жүр. Орын тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа мектеп салынуда. Жаңа мекеме 300 оқушыға және 50 жатын орынға шақталмақ. Оның құрылысына 2,4 млрд теңге бөлінген. Мердігер – жергілікті «Зерттеу СК» компаниясы. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 50%-ы тындырылған. Жұмыс барысымен аманаттық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері танысып шықты. Нысанның жаңа оқу жылына дайын болуын мониторингілік топ қадағалайтын болады.

 

Ақжүніс Мұқатай