Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Халық қатысатын бюджет” жобасы жалғасуда

Тың бастама, жақсы тәжірибе. Шаһарда “Халық қатысатын бюджет” бағдарламасының бастау алғанына бірнеше жыл болған. Жоба аясында тұрғындар елді мекенді дамыту турасындағы өз ұныстарын жібере алады. Басты мақсат – бюджетті талқылауға халықты тарту.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Сәуірдің 24-іне дейін Петропавл қаласының ресми сайтында дауыс беру жүргізілетін болады. Ол үшін ресми сайтқа тіркелу керек. Сонда тұрғындар өз дауыстарын бере алады. Кейін ең көп дауыс жинаған жобаны комиссия мүшелері қарайды. Биылғы жобаларды бекітетін болады.

“Халық қатысатын бюджет” жобасы өз жемісін беріп келеді. Мәселен, өткен жылы Астана қаласында бағдарлама аясында 110-нан астам жоба іске асырылған. Оған 4 млрд 205 млн теңге бөлініпті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бұл жобаның ауқымын кеңейтіп, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек» деген болатын. Өткен жылы Петропавлда 200 млн теңгеден астам қаражатқа 7 жоба бекітіліпті. Олар биыл іске асырылады.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Биыл қаңтар, ақпан айларында бұл бағдарламаға қатысу бойынша өтініштер қабылданған болатын. Тұрғындар өз жобаларын ұсынды. Қазіргі таңға дейін 9 жоба келіп түсті.

Ал 2022-ші жылы жалпы сомасы – 90 млн теңгеден асатын 9 жоба іске асырылыпты. Айта кетейік, елімізде бұл жоба 2020 жылдан бері жүзеге асырылуда.

 

Гүлден Сембаева