ТКШ

Ақжарда ауыз су қымбаттамақ

Ақжарлық ағайын тұтынатын ауыз судың бағасы өзгермек. Мұндағы “Болашақ” жеке кәсіпкерлігі мен “Ақжар-Су” серіктестігі тарифті өзгертуді сұрап отыр. Қос ұйым былтыр ғана құрылыпты. Яғни, он екі ай өтер-өтпесте бейінді департаментке өтінім жолдаған. Бүгін осы мәселе бойынша жария тыңдалым өтті.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Компаниялар тарифті 470 және 490 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр. Жобада осылай көрсетілген.

Тариф бір күнде, бір жиналыста өзгермейді. Өтінім қабылдаған тарап жеті рет өлшеп, шешім қабылдамақ. Өйткені, бұл өзгерістің артында айлықты шайлыққа жеткізуге тырысатын Ақжар ауданындағы ауылдардың халқы тұр.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Біз тағы қосымша талдаулар жүргіземіз. Қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін. Соларды сұратамыз. Екі аптаның ішінде шешім қабылданады.

Жалпы, ағымдағы жылдың екі айы ішінде Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінде түрлі тарифке қатысты 15-тен астам жария тыңдалым өтіпті.

 

Байболат Құлтанов