Құқық қорғау органдары

Учаскелік полиция пунктінің терезесін сындырған жігіт қамауға алынды

Таңертең жұмысына келген 11-ші учаскелік полиция пунткінің қызметкері терезенің сынғанын, есіктің бұзылғанын көреді. Тәртіп сақшылары отыратын бекетке кім баса-көктеп кірмекші болды? Күдікті камера арқылы анықталды.

ЮРИЙ КЛЫКОВ, облыстық ПД баспасөз қызметінің қызметкері:

– Бұзақы тез ұсталды. Ол сол күні таңертең тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылған 18 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Айтуынша, ол осылай айыппұл салған полицейлерден өш алмақшы болған.

Айыппұлының үстіне енді қамақ қосылды. Ол соттың шемімімен ҚР ӘҚБтК “Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру” бабы бойынша 15 күнге темір торға тоғытылды.